2018-2020 жылдарға арналған кенттердің, ауылдық округтің бюджеттері туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 18-2 шешімі
(2018.16.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 28 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Орал қалалық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 17-3 «2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылы 27 желтоқсанда № 5008 тіркелген) сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2018.16.04. № 21-2 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. 2018-2020 жылдарға арналған Орал қаласының Зашаған кентінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға арналған бюджет келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 301 364 мың теңге:
салықтық түсімдер - 182 568 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 2 000 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
трансферттер түсімі - 116 796 мың теңге;
2) шығындар - 465 243 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -163 879 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 163 879 мың теңге:
қарыздар түсімі - 0 теңге;
қарыздарды өтеу - 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 163 879 мың теңге.
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2018.16.04. № 21-2 шешімімен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)